Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарасу ауданы білім бөлімінің Жалғысқан жалпы білім беретін мектебі» КММ
Кіру
AA+
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарасу ауданы білім бөлімінің Жалғысқан жалпы білім беретін мектебі» КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарасу ауданы білім бөлімінің Жалғысқан жалпы білім беретін мектебі» КММ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарасу ауданы білім бөлімінің Жалғысқан жалпы білім беретін мектебі» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/karasu-roo.edu.kz/zhalgyskan-karasu.edu.kz/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz
Атауы Жүктеу
1 Мониторинг жөніндегі іс-шаралар жоспары
2 Арналға мемлекеттік көрсету кесте
3 Жауапты тұлғаларды тағайындау туралы

2023 жылдың 12 айында білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жұмыстың қорытындысы туралы.

Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес Қостанай облысы білім басқармасының «Қарасу ауданы білім бөлімінің Жалғысқан жалпы білім беретін мектебі» КММ 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Мемлекеттік қызметтерді 3 қызметкер көрсетеді.

2023 жылдың 12 айында 17 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
- ЖАО-да тікелей көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны - 0 қызмет (0%);
- мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны- 0 қызмет (0 %);
- «электрондық үкімет» порталы арқылы www.egov.kz (ЭҮП) - 1 қызмет (5,9 %);
- «электрондық лицензиялау» порталы арқылы www.elicense.kz- 0 қызметтер (0 %);
- мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы («SAKURA» АЖ)- 16қызмет (94,1 %).

Ағымдағы жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндіру іс-шараларының саны 14 іс-шараны құрады. Ағымдағы жылдың 12 айында халықты мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс – шараларымен қамту- 1520 адам.
Көрсетілген кезеңде құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну себебінен Мемлекеттік қызметтер бойынша 24 дәлелді бас тарту тіркелді, бұзушылықтар анықталған жоқ.

Қостанай облысы білім басқармасының «Қарасу ауданы білім бөлімінің Жалғысқан жалпы білім беретін мектебі» КММ ай сайын халық арасында білім беру саласының қызметтерін электрондық түрде алу мүмкіндіктері, оның ішінде құжаттарды ұсыну мерзімдері, әлеуметтік желілерде ақпаратты орналастыру арқылы стандарттарда көзделген қажетті құжаттар тізбесі туралы кең ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету үшін білім беру ұйымдарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша өзекті ақпарат орналастырылған, халыққа қолжетімді орындарда стендтер бар. Білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер орналастырылған. Білім беру ұйымдарының сайттарында мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалардың телефон нөмірлері мен жұмыс кестесі орналастырылған. Көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету кестесі мен тәртібін сақтайды.

Білім бөлімі мен білім беру ұйымдары ұсынатын мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

2023 жылдың өткен кезеңінде көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданбады.

2023 жыл кезеңінде біліктілікті арттыру курстарынан 1 адам өтті (2022 жылы -1 адам).