Ана күні — бұл көптеген елдерде аналарға деген құрмет пен алғыс сезімін білдіретін маңызды әрі мейірімді мереке. Қазақстанда бұл күн мамыр айының екінші жексенбісінде (биыл — 11 мамыр) аталып өтеді.
Сонымен қатар, 15 мамыр — Халықаралық отбасы күні. Бұл күн — әр адамның өміріндегі отбасының рөлін еске салуға арналған ерекше дата.
Осы мерекелерге байланысты Қарасу ауданы білім бөлімінің «Жалғыскан жалпы орта мектебі» КММ-де ана мен отбасы тақырыптарына арналған сынып сағаттары өтті.
Сабақ барысында оқушылар отбасы құндылықтары туралы пікір бөлісіп, аналарына алғыстарын айтып, өлеңдер оқыды, сурет салып, белсенділік танытты.
Іс-шаралар жылы әрі шынайы атмосферада өтті. Балалар туған-туыстарға деген сүйіспеншілік пен құрметті тереңірек сезініп, отбасының адам өміріндегі маңызын түсіне түсті.