2025 жылғы 14 мамырда Қарасу ауданы білім бөлімінің «Жалғыскан жалпы орта мектебі» КММ-нің «Арлан» пікірсайыс клубы мүшелері арасында пікірсайыс өтті.
Резолюция: «ЭПС: Баланың болашақ мамандығын ата-анасы таңдауы тиіс»
Пікірсайыс барысында оқушылар келесі мәселелерді талқылады:
-
мамандық таңдау жауапкершілігі кімге жүктеледі;
-
баланың қызығушылығы мен қабілеті қаншалықты ескеріледі;
-
ата-ананың бағыт-бағдары мен баланың еркін таңдауы арасындағы теңгерім.
Пікірсайыс британдық парламенттік форматта өтті. Қатысушылар өз ойларын нақты жеткізіп, қарсы тараптың пікіріне құрметпен қарап, шешендік өнерлерін көрсете білді.