Қазақстан — бұл 150-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүретін көпұлтты ел. Осы жылдар ішінде бұл мереке барша қазақстандықтарды біріктіретін жақсы дәстүрге айналды. Оның мақсаты — халықтар достығын, бейбітшілікті, ынтымақты және жүздеген мәдениетті біріктірудің маңызын еске салу.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аясында Қарасу ауданы білім бөлімінің «Жалғыскан жалпы орта мектебі» КММ-де, Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мектепалды даярлық сыныбының оқушыларына арналған іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — ұлттық бірлікті, достықты, сенімділік пен төзімділікті нығайту.
Балалар достық туралы өлеңдер оқып, елімізде тұратын ұлттардың салт-дәстүрлерімен танысты. Шара еліміздегі халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты қолдауға, сондай-ақ Қазақстанның гүлденуіне азаматтық үлес қосуға деген ұмтылысты көрсетті.