2025 жылғы 6 мамырда Қарасу ауданы білім бөлімінің «Жалғыскан жалпы орта мектебі» КММ-де Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған дәстүрлі ән мен сап байқауы өтті.
1–9 сынып оқушылары «Ән мен сап байқауына» белсене қатысып, өздерінің тәртіптілігі мен отансүйгіштік рухын көрсетті. Бұл іс-шара жас ұрпақты патриоттық сезімде тәрбиелеуге, жауапкершілік пен ұжымшылдыққа баулуға бағытталған.
Оқушылар бір ай бойы бұл күнге дайындалды: саптық жүріс, әскери әндер мен ұрандарды үйренді. Әр команда өздерінің жоғары деңгейде дайындалғанын көрсетті — сыртқы көрінісі, саптық тәртібі, ән орындауы және рапорт тапсыруы арқылы ерекшеленді.
Ән мен сап байқауы тек жарыс емес, сонымен қатар мектеп ұжымының бірлігі мен үйлесімділігін айқындайтын рухани мереке болды.